​Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына «Айбын» ордені табысталды

0
536

Кездесу барысында марқұмның отбасына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен 3 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды.


​Абай облысында қаза болған өрт сөндірушінің отбасына «Айбын» ордені табысталды

ERNUR.KZ. Абай облысы Жарма ауданында қаза болған өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен 3 бөлмелі пәтердің сертификаты берілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев пен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Жарма ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза болған өрт сөндірушінің отбасымен кездесті.

«Айдос Тоғызбаевтың батылдығы, қайсарлығы мен өз қызметіне адалдығы баршамызға үлгі-өнеге болып қала бермек. Абай облысы тұрғындарының атынан марқұмның жолдасына, туған туыстарына тағы бір мәрте қайғырып көңіл айтамын», - деді облыс әкімі.

Кездесу барысында марқұмның отбасына ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені мен 3 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында жалын шарпыған аумақ 5000 гектарға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Абай облысының Жарма ауданында 3 өрт сөндірушіні күйік шалып, оның бірі көз жұмған еді.

Өрт сөндірушілердің бірі ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қаза болған өрт сөндірушінің отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлім еткен болатын.

  • Өңірдегі дала өрттері 9 қыркүйек күні таңертең оқшауланып, сол күні толықтай сөндірілген.