Дүйсенова жауап берді.
ERNUR.KZ. Сенат кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан орман шаруашылығы қызметкері Сергей Архипов Абай облысындағы өрттен қаза тапқандар тізіміне қосыла ма және оның отбасына қандай көмек көрсетілетінін сұрады, деп жазады tengrinews.kz.
Дүйсенованың айтуынша, бұл мәселелермен Абай облысында жұмыс істейтін үкіметтік комиссия айналысады. Бірақ марқұм тракторшының отбасы ешқандай жағдайда мемлекет көмегінсіз қалмайды.
"Олар құрған қор тарапынан қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетінін комиссия анықтайды. Ал әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша, мемлекеттік бюджет, егер оның (Архипов. – еск.) асырауында адамдар болса, онда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер міндетті түрде тағайындалады. Қатысқан-қатыспағанына қарамастан (өртті сөндіруге. - еск.) бұл қаражат төленеді", - деді Дүйсенова.