Абай облысында зардап шеккен екі өртсөндірушінің жағдайы белгілі болды

0
827

Үржар өңіріндегі табиғи өрт ауданы 5960 гектар болды. Өрт 9 қыркүйекте түстен кейін сөндірілді.


Абай облысында зардап шеккен екі өртсөндірушінің жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Жарма ауданында өрттен зардап шеккен ТЖМ қызметкерлерінің жағдайы айтылды, деп жазады tengrinews.kz.

"ПП-22 бөлімшесінің командирі Амангелді Тұрлыбеков республикалық медициналық авиациямен Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Жарма ауданы, Әуезов ауылының ПП-22 өртсөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғаудың жеке қызметкері Сәлімжан Нұрланның қолын термиялық күйік шалған. Қазір ол Шар қаласындағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында", - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Абай Манарбек Шапағатов.Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, кейінгі аптада Үржар, Абай, Жарма, Ақсуат және Бесқарағай өңірлерінде дала өрті болған. Оны жоюға 608 адам, 94 техника жұмылдырылды.

Биыл 6-9 қыркүйек аралығында Абай ауданында барлығы 7 мың гектар аумақта тоғыз табиғи өрт тіркелген. Оның ішінде орманды аймақ – 4,6 гектар Бесқарағай ауданында. Сондай-ақ, жалпы аумағы 1000 гектарға жуық жерде 27 өрт ошағы тіркелген.

Үржар өңіріндегі табиғи өрт ауданы 5960 гектар болды. Өрт 9 қыркүйекте түстен кейін сөндірілді.

Абай ауданында ірі дала өрті сөндірілді. Өртсөндіруші Айдос Тоғызбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков, өртсөндіруші-құтқарушы Сәлімжан Нұрлан түрлі дәрежедегі күйік алып, Жарма ауданы, Шар қаласының ауруханасына жатқызылды.