Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілерді өртті сөндіруде көрсеткен ержүректілік пен батырлық, жоғары кәсібилік үшін алғыс білдірді.
ERNUR.KZ. Бүгінгі күні Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың өкімі бойынша Алматы және Қарағанды облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштер мен құралдар топтамалары тұрақты жұмыс орындарына кетті, деп жазады baq.kz.
Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілерді өртті сөндіруде көрсеткен ержүректілік пен батырлық, жоғары кәсібилік үшін алғыс білдірді.
Оқиға орнында өрт толық сөндірілгенге дейін оқшауланған өрт ошақтары орындарына тұрақты түрде су төгу, сондай-ақ өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт учаскелерінде ашық жану жоқ.
Табиғи өрт орнында одан әрі қарауылдау жұмысын Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары, ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері және әуе кемелері қамтамасыз ететін болады.
Өрт басталғалы бері барлығы 2 636 рет көлемі 7 747 тонна су төгілді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жарияланды.