Ресми өкілдің айтуына қарағанда, апатты ауыздықтауға шамасы жетпей жатса, Қазақстан сырттан көмек сұрауға мәжбүр болады.
ERNUR.KZ. Абай облысындағы өртті сөндіруге Түркия мен Өзбекстан көмек ұсынған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткізген баспаөз мәслихатында мәлім болды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Сыртқы істер министрлігінің желісі арқылы ондай ақпарат келіп түскен жоқ. Мүмкін профильдік министрліктер арасында өздерінің келісім бар шығар. Бірақ біз арқылы ондай көмек ұсынылған жоқ», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуына қарағанда, апатты ауыздықтауға шамасы жетпей жатса, Қазақстан сырттан көмек сұрауға мәжбүр болады.
«Әзірше біз ондай көмек сұрап жатқан жоқпыз. Менің естуімше, 1-2 мемлекет көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы телефон арқылы сөйлесті, біздің министр телефон арқылы сөйлесті», - деген Айбек Смадияров тілшілердің нақтылау сұрағына көмек ұсынған елдер Түркия мен Өзбекстан екенін растады.