Абай облысының Шүлбі ауданындағы СЭС маңынан шыққан түтін тұрғындарды шошытты

0
548

Әлеуметтік желілерде, Telegram-арналарда Шүлбі ауданындағы су электр станциясы маңындағы орманда түтін шыққан фотолар мен видеолар таралып жатыр.


Абай облысының Шүлбі ауданындағы СЭС маңынан шыққан түтін тұрғындарды шошытты

ERNUR.KZ. Абай облысындағы Шүлбі ауданындағы су электр станциясы маңындағы түтінге қатысты мамандар пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде, Telegram-арналарда Шүлбі ауданындағы су электр станциясы маңындағы орманда түтін шыққан фотолар мен видеолар таралып жатыр. Бұл фото, видео аудан тұрғындарын үрейлендірді. Өйткені аймақтағы ірі орман өрті жақында ғана сөндірілген еді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Видеода Шүлбі бағыты көрсетілген. Осы жылғы жағдайды ескере отырып, күштік құралдарды қайта топтастыру жүргізілді. Жергілікті өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖМ оқиға орнында. Осы бағытта күштік құралдар алдын ала әзірленіп қойылды. Жағдай толығымен бақылауымызда", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.


ТЖД өкілдерінің айтуынша, бұл адамдарға қауіп төндірмейтін өртті сөндіру кезеңі, сондай-ақ өрттің таралуы тоқтатылып, қолда бар күштік құралдармен тұтанған өрттерді сөндіруге жағдайлар жасалған.

"Айта кетейік, "Семей орманы" табиғи резерватының аумағында дала өрті толығымен сөнгенге дейін жедел жағдайды бағалау үшін бүкіл өрт майданының бойына тұрақты түрде аэровизуалды түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт толық жойылғанға дейін барлық жерде локализацияланған ошақтардың орындарын, сондай-ақ өртеніп кеткен аумақтарда қайта тұтанудың жолын болдырмау жүзеге асырылып жатыр", - деп нақтылады Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Кейін мамандар жану, сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мұндай ошақтар жиі пайда болады. Оларды жою үшін тартылған күштік құралдар арқылы жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде өртеніп кеткен жерлерде желдің әсерінен тұтанып, жану қатері бар.