Абай Сарқұлов Қазақстан даму банкін басқарады

0
1 264

Абай Сарқұлов 1981 жылы дүниеге келген.


Абай Сарқұлов Қазақстан даму банкін басқарады

ERNUR.KZ. Абай Сарқұлов Қазақстан даму банкінің басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп жазады тengrinews.kz.

Осыған дейін ол "Даму" қорының басшысы болды. 2019 жылы 11 сәуірде Болат Жәмішев Қазақстан даму банкі басқарма төрағасы қызметінен кеткені белгілі болды.

Абай Сарқұлов 1981 жылы дүниеге келген. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономика факультетін "Банк ісі" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы "Тұран Әлем Банкі" АҚ филиалында практикант болып бастаған. Алматы мен Астанада коммерциялық банктерде жұмыс істеді.

2007 жылы "Қазақстанның Даму Банкі"АҚ жобаларды кредиттеу департаментінің инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу басқармасының менеджері болып тағайындалды.

2014 жылы Басқарушы директор лауазымына ие болды. 2016 жылы ҚДБ төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2017 жылдың ақпанында ол "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ны басқарды.