Абайдың 175 жылдығына жоспарланған конференция онлайн өтеді

0
934

Халықаралық конференцияның пленарлық отырысында тікелей эфирде Қазақстан, Ресей және Украина елдерінің ғалымдары баяндама жасайды.


Абайдың 175 жылдығына жоспарланған конференция онлайн өтеді

ERNUR.KZ. Түрлі елдердің ғалымдары халықаралық онлайн-конференция барысында Абай мұраларының құндылығын талқылайды, деп жазады baq.kz.

Қарағанды Bolashaq академиясы "Қазіргі әлемдегі ғылым мен білім беру" атты дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясын өткізеді. Биыл конференция Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды. Ол 24 сәуірде онлайн режимінде өтеді.

"Елімізде ТЖ режимі енгізілген, біздің қалада карантин күшейтілді. Біз көзбе-көз жүздесіп, бас қоса алмаймыз. Абайдың 175 жылдығына арналған жоспарланған конференцияны онлайн режимінде өткізетін болдық. Абай Құнанбаев ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Конференцияда Абайдың рухани мұрасының құндылығын, оның әлемдік мәдениеттегі рөлін талқылаймыз. Сондай-ақ, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы өзекті мәселелерді қозғаймыз", - деді Bolashaq академиясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Татьяна Смолькина.

Оның айтуынша, конференцияны адемияның серіктестері - таяу және алыс шетел университеттері бірлесіп ұйымдастырып отыр. Ұйымдастыру комитетіне 218 баяндама келіп түсті. Олардың барлығы ғылыми жинақта жарияланады.

Әрине, биылғы күрделі жағдайға байланысты қатысушылар аз. Осыған дейінгі жылдары 500 адамға дейін қатысатын. Біз осы шараға қатысып, өз жұмыстарын ұсынғандарға алғысымызды айтамыз. Бұл осындай күрделі кезеңде біз бұрынғысынша бірге екенімізді көрсетеді, - деп атап өтті Татьяна Смолькина.

Халықаралық конференцияның пленарлық отырысында тікелей эфирде Қазақстан, Ресей және Украина елдерінің ғалымдары баяндама жасайды. Шараға абайтанушылар қатысады.