Абаев: үкіметтің барлық мүшесі мен депутаттар мемлекеттік тілді жақсы біледі

0
1 299

​Үкімет пен парламенттің отырыстары таза қазақ тілінде өтіп-өтпеуі шенеуніктің мемлекеттік тілді қалай меңгергендігіне байланысты. Бұл туралы бүгін ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Абаев: үкіметтің барлық мүшесі мен депутаттар мемлекеттік тілді жақсы біледі

Үкімет пен парламенттің отырыстары таза қазақ тілінде өтіп-өтпеуі шенеуніктің мемлекеттік тілді қалай меңгергендігіне байланысты. Бұл туралы бүгін ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Кешегі қабылдауда мемлекет басшысы парламент пен үкімет отырыстарын қазақ тілінде өткізуге көшу жөнінде айтты. Отырыстың таза қазақ тілінде өтуі шенеуніктің ммллекеттік тілді меңгеру деңгейіне байланысты. Егер жекелеген азаматтар қазақ тілін жетік білмесе, өз ойын орыс тілінде жеткізгісі келсе, онда орыс тілінде сөйлегені дұрыс деп ойлаймын. Бірақ тағы қайталап айтамын, үкіметтің барлық мүшесі мен депутаттар мемлекеттік тілді жақсы біледі", — деді министр үкімет отырысынан кейін журналистерге.

Оның айтуынша, бүгінде үкімет пен парламент қазақ тілінде жұмыс жүргізуге көшуге дайын. Іс қағаздарының дені қазақ тілінде жүріп жатыр.

Журналистер министрден қазақ тілінде өтіп келе жатқан отырыста орысша сөйлеп, отырыстың "шырқын бұзған" Ақмола облысының әкіміне қатысты пікірін сұрады.

"Ол тәртіпті бұзды деп есептемеймін", — деп қысқа қайырды Абаев.

Ал үкімет отырысында статистика деректерінің орыс тілінде жазылуынан трагедия жасаудың қажеті жоқ деді.

"Оның қандай трагедиясы бар? Сіздер екі тілде де жақсы түсінесіздер ғой. Бір слайд орысша болғандықтан, әлем өзгеріп кетпейді ғой. Өзгерген жоқ. Елбасы тіл мәселесінде ешкімді кемітпеуіміз керек екенін әрқашан айтады", — деді ол.