​Әбдіқалықова студенттерге қолайлы жағдай жасау мақсатында құжаттарға қол қойды

0
1 168

Вице-премьер Үкіметтің ұзақмерзімді міндетін атқарушы органдардың күш-жігері негізінде білім беру мекемелерінің басшыларымен, бизнес қоғамдастықпен бірлесе жатақханаларды уақтылы және сапалы енгізуді қамтамасыз ету екенін атап өтті.


​Әбдіқалықова студенттерге қолайлы жағдай жасау мақсатында құжаттарға қол қойды

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова студенттерді жатақханамен қамту мәселесі бойынша жұмыс үстіндегі 43 шарттың жиырмасына қол қойылғанын, 23-і қорытынды кезеңде екенін айтты. Осы шарттар есебінен биыл 9196 орынды қолданысқа енгізу жоспарланып отыр, деп жазады BAQ.KZ.

«Қазірдің өзінде нақты нәтиже бар. Студенттердің көп бөлігі Алматы қаласында шоғырланғанын ескере келе, 26 сәуірдегі жұмыс сапары аясында әкімдікпен бірге барлық ректорлардың қатысуымен аталған мәселе бойынша жеке кеңес өткізілді. Алматы қаласы бағдарлама іске қосылған сәттен бастап жеке инвестицияларды тарту жолымен жобаны іске асырудың оң үлгісін, жоғары білім беру саласында жеке сектордың жоғары деңгейде қатысуын көрсетті. 6100 орынға арналған он шарттың тек бірі ғана мемлекеттік ЖОО-мен жасалған. Бұл – Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ», - деп мәлімдеді Әбдіқалықова.

Вице-премьер Үкіметтің ұзақмерзімді міндетін атқарушы органдардың күш-жігері негізінде білім беру мекемелерінің басшыларымен, бизнес қоғамдастықпен бірлесе жатақханаларды уақтылы және сапалы енгізуді қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Біз студенттердің жайлы тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасау керек екенін жете түсінеміз. Алайда, бұған жоғары баға форматы белгіленген жобаларды жүзеге асыру есебінен қол жеткізілмеуі тиіс. Жеке оқу орындарының жобаны жүзеге асыруға белсене қатысуын көріп отырмыз. Ал мемлекеттік ЖОО бұл жұмысты енді ғана қолға алып отыр», - деді ол Үкімет отырысында.

Әбдіқалықова Білім және ғылым министрлігі ЖОО-мен, әкімдіктермен бірге 42 шартқа сәйкес нысандардың мерзімде қолданысқа берілуін қамтамасыз ету, бизнестің қатысуға мүдделі болуын арттыру шараларын қабылдауы тиіс екенін айтты.

Бұған дейін Ғабидолла Әбдірахымов Шымкенттегі студенттердің жатақхана мәселесін қалай шешетінін айтты. Сондай-ақ, Таразда жатақхана мәселесін шешудің тиімді жолы ұсынылды.