​Адам саудасымен айналысқан топ ұсталды

0
1 286

Қарағанды қаласында бірнеше жыл бойы адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды


​Адам саудасымен айналысқан топ ұсталды

Қарағанды қаласында бірнеше жыл бойы адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілер қыздарды алдап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Құқық қорғау органдары қылмыстық топтың соңына екі ай түсіп, 4 күдіктіні ұстады. «Төрт адамнан тұратын топ ұсталды. Олардың топ басшысы 27 жаста. Қазіргі таңда бірнеше қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - Жанатай Сембеков, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі.