«Әдейі жасадым»: кәсіпкер халықты алдағанын мойындады (видео)

0
5 022

Елдің сенімін "тексергісі" келген Ахметбек Нұрсила осы әрекетті жасауды 5 жыл бойы күтіп, қатты армандапты.


«Әдейі жасадым»: кәсіпкер халықты алдағанын мойындады (видео)

ERNUR.KZ. Кеше әлеуметтік желілерде белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланы арнайы жасақ сарбаздарының ұстап әкеткен сәті түсірілген видео тараған болатын. Қазақстандық БАҚ-ы оның ұсталғаны жөнінде жарыса жазғаны мәлім. Осы орайда, оның қамауға алынғаны өтірік болып шықты, деп жазады Skifnews.kz.

Бұған дейін оппозициялық партия құрмақшы болып, елді елең еткізген кәсіпкердің айтуынша, ол "халықтың болашағы бар ма, жоқ па?" деп тексергісі келген екен.

"Біраз ағайындар, бұл хайпты не үшін жасайсың, халықтың сенімімен не үшін ойнайсың деп маған кішкене ренжуі де мүмкін. Оны мен түсіндіріп кетейін. Мен тексергім келді. Жалпы, халықтың болашағы бар ма, жоқ па? Негізі біраз адамдар Ахметбек, "бұл хайпты не үшін жасадың, адамдардың сенімімен ойнап не керек, елді дүрліктіріп!?" деп ренжуі де мүмкін. Сондықтан мен "козёл-провакаторды" әдейі жасадым. Мен бұл нәрселерді әдейі жасадым. Егер сенбесеңіздер, мұндай нәрселерді бұған дейін талай рет жасағанмын", - деп өзінің бір жігітке көліктің кілтін табыстаған кезде залға жиналған бір топ адамға қарата: "Енді машина ұтып алмаған адамдар көңілдерің түсіп қалды ма? Енді менің сендерге жаным ашиды, лохсыңдар" деп сөйлеген сәтінен видеоның үзіндісін көрсетіп, "эмоциясын жасыра алатын адаммын" деп мақтанды.

Сондай-ақ, Ержан Тұрғымбайдың оның ар-намысына тиетін ешқандай сөз айтпағанын мойындап, "Бұл - алдын-ала дайындалған спектакль болатын" - деп тағы да айды аспанға бір-ақ шығарды.

Айтпақшы, елді "тексергісі" келген Ахметбек Нұрсила осылай жасауды 5 жыл бойы күтіп, қатты армандапты.