Әділет министрі «Айка тізімі» мен жеке деректер туралы пікір білдірді

0
843

Өз жауабында Әділет министрі бұл жағдай Ішкі істер органдарының құзіретіне кіретінін атап өтті.


Әділет министрі «Айка тізімі» мен жеке деректер туралы пікір білдірді

ERNUR.KZ. Жеке деректерді жариялауға байланысты жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруға болады. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев айтты, деп жазады inform.kz.

«Ішкі істер органдары резонанс тудырған істерде қазақстандықтардың жеке дерегін жариялап жібереді. Мысалы, қоғамда қызу талқыланған «Айканың тізімін» алайықшы. Онда «қыздар» мен «клиенттердің» деректері жарияланды. Мұндай жағдай жиі болып тұрады. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Себебі, мұның салдарын қазақстандықтар тартып отыр. Сіздің ойыңызша, мұндай қызмет түрін заңдастыру бола ма?», - деп сұрады тілшілер Үкімет үйінде өткен брифингте.

Өз жауабында Әділет министрі бұл жағдай Ішкі істер органдарының құзіретіне кіретінін атап өтті.

«Менің білуімше, БАҚ-та бұл жөнінде тиісті тексеріс жүріп жатқаны жарияланды. Демек, тексерістің қорытындысын күту керек. Енді (жезөкшелікті – ред.) заңдастыруға қатысты – мұндай мәселені қарастырып жатқан жоқпыз», - деп жауап берді А. Есқараев.

Сонымен бірге, журналист жеке деректерді жариялауға байланысты жауапкершілікті күшейту қажет пе деген сұрақ қойды.

«Менің түсінуімше, ішкі істер министрлігі тиісті тексеріс жүргізіп жатса, олар да бұл мәселеге алаңдаушылық танынып отыр. Жазаны күшейту бойынша мәселені зерделеу керек шығар. Бұл мәселені қарастыруға болады», - деді ол.