"Африкалықтарды көрмеген" семейліктер ашуға мінді

0
2 225

«Біз соншалықты жабайымыз ба?


фото:nur.kz.

ERNUR.KZ. Екінші сынып оқушыларына арналған "Өзін-өзі тану" оқулығындағы елдің назарын аударған әңгіме жұрт талқысына түсті. "Біз бәріміз бірдейміз" деп аталатын шағын әңгімеде автор "африкалықтарды көрмеген" семейліктер туралы сөз қозғаған деп жазады nur.kz.

Кітаптағы бұл әңгіме Instagram желісіндегі go_semey парақшасына жарияланып, ел талқысына түскен. Әңгімеде түріне, түсіне қарамастан бүкіл әлем жұртшылығы тең деген идея айтылады.

Алайда кітап авторы, бұл тұста, Семей тұрғындарына айрықша назар аударыпты. Оның пікірінше, семейліктер үшін қара нәсілді адамды көру ғажайыппен тең.

«Жақында біздің сыныпқа жаңа оқушы келді. Есімі - Майкл. Оның ата-анасы біздің елге жұмыс бабымен көшіп келіпті. Онда тұрған не бар дерсіз, алайда олай емес. Ол африка тектес ресейлік.

Қазақстан үшін біртүрлі естілетін шығар, ал Семей қаласы үшін бұл - Жалын құс көргендей", - деп жазған оқулық авторы А. Қарабұтова (кітап авторының жазу стилі сол күйінде берілді).

Әңгімеде сынып оқушылары балаға саусағын шошайтып, оған таң қала қарағаны айтылған. Бірақ Нұрай есімді мейірімді оқушы Майклді өзінің жанына отырғызып, әлемдегі барлық адамдар тең екенін айтқан.

Бұл әңгімені оқыған семейліктер наразылығын жеткізіп, түрлі пікірлерін аямады.

«Біз соншалықты жабайымыз ба? Қара нәсілділерді бүлкі әлем көріпті де, біз үңгірде тұрады екенбіз ғой. Мен жаңа ғана не оқыдым?", "Кітап авторын семейліктер кезінде ренжітіп алған ғой деймін", "Бұл не деген сорақылық, біздің қаламыздың тұрғындарын ренжітуге кім рұқсат берді. Кешірім сұрауды талап етемін", "Сотқа беру керек", - деп жазды наразы болған тұрғындар.

Айта кету керек, бұл әңгіме кітаптың қазақ тілді нұсқасында да бар.