Ағыспен алып кеткен: талдықорғандық полицейлер 11 жасар баланы құтқарды

0
905

Полицейлер өзенге бата жаздаған баланың артынан екі шақырым жүзіп барып, аман алып қалды.


Ағыспен алып кеткен: талдықорғандық полицейлер 11 жасар баланы құтқарды

ERNUR.KZ. Талдықорғанның патрульдік полициясының үш қызметкері 11 жастағы баланы құтқарды. Ол Қаратал өзенінде шомылмақ болған, деп жазады ktk.kz.

Сенбі, 29 маусым күні кешкі бес шамасында анасы Кириллды дүкенге жіберген. Ұлы ұзақ уақыт оралмаған соң анасы туыстарымен бірге іздеуге шығыпты. Бала сатып алған нанды Қаратал өзенінен өтетін көпірден тауып алған. Оқиға орнына жеткен полицейлер өзеннің ортасына кетіп қалған баланы көріпті. Оны ағыс жағадан бірнеше шақырымға алып кеткен.

"Біздің қызметкерлер Айдар Қарабаланов, Руслан Тезекбаев пен СОБР қызметкері Нұрбол Меғзам жасөспірімге дейін жүзіп жетті", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 11 жастағы Кириллдің ата-анасы полицияға дер кезінде хабарлаған. Бала үйіне оралды. Оның туыстары мен ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.