АИ-95 маркалы бензин қымбаттауы мүмкін – министр

0
547

АИ-92 бензині елімізде жеткілікті.


АИ-95 маркалы бензин қымбаттауы мүмкін – министр

ERNUR.KZ. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қордың жетіспеуінен АИ-95 маркалы бензин қымбаттауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, АИ-92 бензині елімізде жеткілікті. Мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында 23 күнге жететін қор тұр.

"Бізде АИ-95 бензині бойынша белгілі бір тәуекелдер пайда болды. Оның бағасы өсуі мүмкін, бірақ бұл реттелмейтін сала, өйткені жазғы маусымда сапарлар саны артады, әсіресе курортты аймақтарға. Осыған байланысты біз дәл осы 95-ші бензин бойынша тәуекелдерді байқап отырмыз", - деді Сәтқалиев үкімет кулуарында.
Ол министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. Көрші Ресейден АИ-95 бензинінің қажетті көлемін импорттау бойынша мұнай өңдеу ұйымдарымен және желілік компаниялармен жиын өткен.