Бас жүлдені жеңіп алған Айбек Қалиевке атажұрттан жырақтағы ағайын 1 млн төгрөг жүлде берді.
ERNUR.KZ. Баян-Өлгей аймағының «Айтыскер» қоғамы мен аймақтық Азаматтар өкілдер құрылтайы және Аймақ әкімі іс басқару орнының ұйымдастыруымен Моңғолияның мемлекеттік мерекесіне орай Баян-Өлгейде халықаралық айтыс өтті, деп жазады baq.kz.
11 шілде күні Баян-Өлгей аймағының орталығы Өлгей қаласында өткен айтыста Қазақстан, Моңғолия, Қытай елдерінен 17 ақын бақ сынады.
Елімізден барған «Айтыстың алдаспаны» Айбек Қалиев бұл жолы да сара сөздің сүлейі екенін танытты. Бас жүлдені жеңіп алған Айбек Қалиевке атажұрттан жырақтағы ағайын 1 млн төгрөг (145 мың теңгеден астам) жүлде берді.
І, ІІ орынды моңғолиялық ақындар М. Зоя мен Д. Ерлан иеленсе, алғашқы үштікті Қытайдан келген ақын Ержанат Байқабайұлы түйіндеді.
Ақындарды марапаттау салтанатына аймақ әкімі Ғылымхан Айыпұлы мен аймақтық АӨҚ төрағасы Бауыржан Дәлелұлы қатысып, жеңімпаздарға сыйлық тапсырды.