Әйелдер төбелесі: Тараздық келіншектер видеоға түсіп қалды

0
939

​Жедел іздестіру шаралары барысында 33 жастағы екі әйел ұсталды


Әйелдер төбелесі: Тараздық келіншектер видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Тараз қаласындағы дәмханада әйелдер төбелесіп қалды. Осы оқиғадан кейін дәмхана иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, дәмхананың жазғы алаңында отырған екі әйел облыс орталығының екі тұрғынына жабылып, соққыға жыққан. Осыдан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел іздестіру шаралары барысында 33 жастағы екі әйел ұсталды. Екеуі де өз кінәсін мойындады. Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-тармағы (Бұзақылық, адамдар тобы жасаған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Бұдан бөлек, дәмхана иесіне қатысты әкімішілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді. Барлық материал санитарлық эпидемиологиялық қызметіне тапсырылды.