Әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі әлі де талқыланады – Қошанов

0
438

Қазіргі уақытта тиісті ұсыныстар жасалып жатыр.


Әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі әлі де талқыланады – Қошанов

ERNUR.KZ. Үкіметте әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бұл мәселеге атүсті қарауға болмайды. Өйткені бұл бағытта мемлекеттің мүмкіндігін ескеру қажет. Қазіргі уақытта тиісті ұсыныстар жасалып жатыр, бұл туралы біз білеміз. Бұл ұсыныстар өңірлерге барған кезде де айтылды. Бұл талқылауды қажет ететін ауқымды мәселе. Сондықтан Үкімет пен тиісті құзырлы орган осы мәселемен айналысып жатыр. Нәтижесі қандай болатынын алдағы уақытта көретін боламыз», - деді ол тілшілерге Мәжіліс отырысынан кейін.

Еске салайық, бұған дейін Сенат депутаты Дана Нұржігіт Қазақстандағы әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесін көтерген болатын.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде Президент жарлығымен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін қысқартылады деген жалған ақпарат тараған болатын. Бірақ ол ақпарат шындыққа жанаспайды.