Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді

0
782

Президент соңғы жолдауында балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтардың жалақысын көбейтуді тапсырды.


Аймағамбетов балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Президент соңғы жолдауында балабақшаларда жұмыс істейтін педагогтардың жалақысын көбейтуді тапсырды. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бүгінде бұл саладағы мамандардың еңбекақысы орташа жалақыдан да төмен болып тұр.
"Қазіргі уақытта балабақшаларда 1 педагогке 25 баладан келеді. Орташа жалақы 147 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орташа жалақыдан төмен", - деді Аймағамбетов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы аттестация енгізуге тапсырма берген болатын. Соның нәтижесі бойынша балабақша педагогтарының жалақысын арттыру жоспарланып отыр. Ал жүктеме азаяды.
"Президент тапсырмасының шеңберінде балабақша педагогтарын аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, жалақы көбейтіледі", - деп атап өтті Аймағамбетов.
Айта кетері, Тоқаев сонымен қатар мектептерде жаратылыстану-математика және ағылшын тілін оқытуды күшейту қажеттігін айтты. Осыған орай, министрлік оқу бағдарламаларын жаңартуды жоспарлап отыр.