Аймағамбетов жалған дипломға қатысты пікір білдірді

0
628

Министр ЖОО мен министрлікке дипломдарды тексеру бойынша жиі сұрау түсетіндігін атап өтті.


Аймағамбетов жалған дипломға қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігі жұмысқа орналасу кезінде жалған құжат ұсыну мәселесін жою үшін барлық дипломдарды цифрландыруды жоспарлап отыр, деп жазады zakon.kz.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО мен министрлікке дипломдарды тексеру бойынша жиі сұрау түсетіндігін атап өтті. Жұмысқа дипломмен орналасқан адамның ешқай жерде оқымаған жағдайы да кездеседі. Осыған байланысты министрлік мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.

Біріншіден, қазір электронды дипломдарымыз бар. Электронды портал арқылы жұмыс берушіге белгілі бір нөмірді енгізіп, дипломның қашан берілгенін және оның түпнұсқалығын тексеруге болады, - деді Асхат Аймағабетов.

Екіншіден, министрлік бұрын берілген дипломдардың деректерін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Шамамен 10-15 жыл бұрынғылары цифрланған.

Енді белгілі бір уақытқа дейін жұмыс беруші өз қызметкерінің оқыған-оқымағаны туралы ақпаратты онлайн ала алады. Айтпақшы, біз бұл жұмысты жүргізген кезде, кейбір дипломдардың жалғандығы бойынша көптеген жағдай анықталды, - деп атап өтті ол.