Air Astana Алматыдан Лондонға және Бодрумға ұша бастайды

0
614

​31 мамырға дейін Лондоннан Қазақстанға ұшатындар үшін эконом-класта науқандық тарифтер қолжетімді.


Air Astana Алматыдан Лондонға және Бодрумға ұша бастайды

ERNUR.KZ. Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Лондонға (Ұлыбритания) және Бодрумға (Түркия) ұша бастайды, деп жазады sputnik.kz.

Лондонға аптасына екі рет ұшады

12 мамырдан бастап Air Astana Алматы – Лондон халықаралық рейсін орындайды. Жолда Ақтау қаласының әуежайына тоқтайды. Осылайша аптасына 2 рет бейсенбі және сенбі күндері жолаушыларды тасымалдайды.
Рейстер A321 LR әуе лайнерінде орындалады. Нұр-Сұлтан қаласынан баратын жолаушылар Ақтау – Лондон рейсіне Нұр-Сұлтан – Ақтау ішкі рейсі арқылы жетіп, ұша алады. КС 901 рейсі Алматыдан сағат 10.45-те ұшып, Ақтауға сағат 13.05-те жетеді.
Ақтау қаласынан Лондонға сағат 14.05-те ұшып, Лондонға сағат 16.50-де жетеді. 18.05-те кері ұшып, Ақтауға сағат 04.10-да жетеді. Ақтаудан Алматыға 05.10-да шығып, сағат 09.00-де келеді.
Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген. Эконом-класта бару-келу билетінің ең төменгі құны алымдарды есепке алғанда 292 844 теңгені, бизнес-класта 1 181 703 теңгені құрайды. Ұлыбританияға кіру үшін ПТР мен вакцинация қажет емес.
31 мамырға дейін Лондоннан Қазақстанға ұшатындар үшін эконом-класта науқандық тарифтер қолжетімді.
Бодрумға саяхат
27 мамырдан бастап әуекомпания сейсенбі және жұма күндері Airbus A321 әуе кемесінде Алматы – Бодрум тұрақты рейсін іске қосады. 27 мамырдан 7 маусымға дейін Бодрумнан Алматыға ұшатын эконом-класс үшін науқандық тарифтер қолжетімді.
КС 659 рейсі Алматыдан сағат 08.30-да ұшып, Бодрумға сағат 11.50-де жетеді. КС 660 кері рейсі Бодрумнан сағат 13.45-те ұшып, Алматыға сағат 22.05-те келеді. Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген.
Вакцина салдырмаған 12 жастан асқан жолаушыда рейс ұшқанға дейін 72 сағат бұрын коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест анықтамасы болуы қажет. Сондай-ақ 48 сағат ішінде жасалған антигенді анықтайтын экспресс тест жарамды.
Эконом-класта бару-келу билетінің ең төменгі құны алымдарды есепке алғанда 230 743 теңгені, бизнес-класта 623 675 теңгені құрайды.