Air Astana Минскіге рейстер неге тоқтағанын түсіндірді

0
379

Минскіге ұшатын қазақстандық әуе рейстерінің тоқтап қалғаны 24 мамырда белгілі болған.


Air Astana Минскіге рейстер неге тоқтағанын түсіндірді

ERNUR.KZ. Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Минскіге ұшатын рейстер неге кейінге қалдырылғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Air Astana 31 мамырда ашылуы жоспарланған Алматы - Минск бағыты бойынша әуе қатынасын тоқтатты. Рейстерді тоқтату туралы шешім 20 мамырда қабылданды, бұл коммерциялық жүктеменің төмендігіне байланысты. Жолаушыларға рейстердің тоқтатылғаны туралы хабарлама сол күні жіберілді", - деді авиакомпанияның баспасөз қызметі өкілдері.

Минскіге ұшатын қазақстандық әуе рейстерінің тоқтап қалғаны кеше, 24 мамырда белгілі болған.