Айзат Молдақасымова неге қызметінен әлі кетпеді - Бекшин жауап берді

0
863

Айзат Молдақасымова денсаулығына байланысты демалыс алған.


Айзат Молдақасымова неге қызметінен әлі кетпеді - Бекшин жауап берді

ERNUR.KZ. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыға қалай ауысып келгенін айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.


«Біріншіден, санитар дәрігерлер мен эпидемиологтар – сарбаздар. Кезінде бұл жартылай әскери нысан болатын. Мен Алматыға дейін Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарында жүйелік бақылау мәселелерін реттеп жүрген едім. Алматыға ұшу керек дегенде 40 минутта жиналып, санитарлық бортпен ұшып шықтым. Себебі, сол жаққа гуманитарлық жүк жіберіп жатқанбыз. Содан бері Алматы қаласының бас санитар дәрігерімін», - деді ол.


Оның айтуынша, қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова денсаулығына байланысты демалыс алған.


«Қазір департамент басшысы Айзат Молдақасымова үй карантинінде демалыста болған соң мен жұмыс істеп жатырмын. Менің бұдан арғы тағдырымды ҚР ДСМ шешеді. Біз – эпидемиологтар, қайда бар десе сонда барып жұмыс істейміз», - деді ол.


Бекшин өзінің ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары және Алматының бас санитар дәрігері екендігін айтты.


«Денсаулығына байланысты демалыста болғандықтан министрлік еңбек туралы заңына сәйкес еңбек қатынасын шеше алмай отыр», - деді Бекшин. Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметіне 18 сәуірде тағайындалған болатын.