Әкімдердің рейтингі жол сапасы арқылы анықталады

0
516

Министр орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында "Көлік туралы" заң жобасы аясында кепілдік мерзімінде мердігерлермен тең дәрежеде авторлық және техникалық қадағалаудың бірлескен жауапкершілігі енгізілгенін атап өтті.


Әкімдердің рейтингі жол сапасы арқылы анықталады

ERNUR.KZ. Қазақстандағы әкімдердің рейтингі жол сапасы арқылы анықталады. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп жазады tengrinews.kz.

Министр орындалған жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында "Көлік туралы" заң жобасы аясында кепілдік мерзімінде мердігерлермен тең дәрежеде авторлық және техникалық қадағалаудың бірлескен жауапкершілігі енгізілгенін атап өтті.

"Сонымен қатар, жол сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан аса нормативтік құқықтық акт қайта қаралып жатыр. Өңірдегі жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингін анықтаудың әдістемесі әзірленді", - деді министр.