Әкімдік карантинде "Алтын орда" базарының неге ашық тұрғанын түсіндірді

0
718

​Егер оны бірнеше күнге жабатын болса, ол ел бойынша бағаның қымбаттауына әкеліп соғады, дейді әкімдіктегілер.


Әкімдік карантинде

ERNUR.KZ. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов облыс пен Алматы қаласының әкімдігі халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөнінде қандай іс-шара атқарылып жатқанын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың Алматы қаласында коронавирусқа қарсы вакцинаны емін-еркін салдыра алатынын алға тартты.

"Коронавирустың алғашқы кезеңінде қала шекарасында блок бекеттер орнатылды. Қазір мұндай ешқандай мәселе жоқ. Қазір жұмыс вакциналау бойынша жүргізіліп жатыр. Яғни, қазір облыс тұрғындары қала ішінде емін-еркін коронавирусқа қарсы вакцина салдыра алады. Шектеу шаралары елдің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, сондықтан екі елді мекендегі шектеу шаралары бірдей", - деп жауап берді ол.

Көп жағдайда Алматыда сауда нысандары жабық тұрған кезде шекара бойында орналасқан "Алтын орда" базары мен "Апорт" сауда орталығы ашық тұрады. Әкімдік қызметкері оның себебін де түсіндірді.

"Қазір Алматы облысындағы және Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай бір қалыппен төмендеп жатыр. Ал "Алтын орда" базары республикалық маңызы бар базар болып саналады. Ол жерден тек алматылықтар ғана емес, басқа облыстан келетін кәсіпкерлер тауар алып кетеді. Тіпті Қырғызстан мен Өзбекстаннан кәсіпкерлер келеді", - деп түсіндірді Батыржан Байжұманов.

Сондай-ақ базардың ашық тұруы елдегі азық-түлік бағасына тікелей әсер етеді. Егер оны бірнеше күнге жабатын болса, ел бойынша бағаның қымбаттауына әкеліп соғады.

Алматы облысы бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың сөзінше, "Алтын орда" базары ашық тұрғанымен ол жерде барлық эпидемиологиялық талап сақталады. Қазір базарда үш вакцинация пункті бар.