Ол 48 жаста еді.
ERNUR.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Дүйсебайұлы Мұратәлиев қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағаның орынбасары Жандос Дүйсебайұлы Мұратәлиевтің (02.01.1975-13.06.2023) ұзақ науқастан кейін қайтыс болуына байланысты туған - туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Бұл орны толмас қазада қайғыларына шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл – бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Жандос Дүйсебайұлы біздер үшін тек әріптес қана емес. Ол - адал, үлгілі әке, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін! Ішкі істер органына сіңірген зор еңбегі жадымызда мәңгі сақталады…», – делінген комитет хабарламасында.