Аққуды атқан елордалық азамат ұсталды

0
1 784

Солтүcтік Қазақстан облысы Мамлютка қаласында аққуларды заңсыз атқан азамат ұсталды


Аққуды атқан елордалық азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Мамлют ауданы Ішкі істер бөлімі басшысы, полици майоры Серік Әлжановтың сөзінше, жақында Астана тұрғыны Мамлютка қаласына досының үйіне қонаққа келіпті, деп жазады kyn.kz.

Таңертең ол көл жағасында жүрген аққуларды көріп, оларды атып алуды ұйғарған. Нәтижесінде, ол үш аққуға оқ жаудырған. Бұл әрекетін азамат аңшылыққа деген құмарлығымен түсіндірді.

«Аудан орталығын тексеру барысында полиция майоры Александр Рогачев орталық шетінен атылған оқтың дауысын естіген. Бұл ақпаратты естіген соң оқиға орнына аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімі келіпті. Бұл уақытқа дейін полиция инспекторы Nissan автокөлігін басқарып отырған Астана қаласының 1987 жылғы тұрғынын ұстаған екен. Көлік салонында аңшылық қару да болған көрінеді», -деп хабарлады полици қызметі.

Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты «Заңсыз аңшылық» бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.