Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, ауданның барлық балабақшасындағы ас мәзірі санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес келтірілді.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында балабақшалар мен бөбекжайлардағы ас мәзірі санитарлық талаптарға сай болмағаны анықталды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Бурабай ауданының прокуратурасы 2021-2022 жылдары және осы жылдың өткен кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тамақтандыру жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына талдау жүргізілді.
Санитарлық ережелер (Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі №ДСМ-59 бұйрығы) бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтану рационына қойылатын негізгі талаптар, атап айтқанда таңғы ас, екінші таңғы ас, түстен кейінгі тағамдар мен кешкі ас құрамы бекітілген.
«Аудандағы балабақшалардың ас мәзірін зерделеу барысында 1 695 бала баратын мекемеде балалардың тамақтану жағдайларына қойылатын санитарлық талаптардың бұзылуы, оның ішінде түскі асқа қайнатылған және жаңа піскен көкөністерден тұратын салаттар берілмегені анықталды. Бұдан басқа, санитарлық ережелерге сәйкес кешкі ас көкөніс (сүзбе) тағамынан немесе ботқадан тұрады; негізгі екінші тағам (ет, балық немесе құс еті), сусын (шай, шырын, компот және желе). Екінші кешкі ас ретінде қосымша жемістер немесе ашытылған сүт өнімдері мен тоқаштар немесе кремсіз кондитерлік өнімдер қосылады. Алайда, кейбір балабақшаларда кешкі асқа жоғарыда аталған тағамдардың тізіміне кірмейтін тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, балаларға екінші таңғы аста шырын немесе жеміс берілді, ал ереже бойынша шырын мен жемісті бірге беру керектігі көрсетілген», - деді ведомстводан.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, ауданның барлық балабақшасындағы ас мәзірі санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес келтірілді. Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылып, сол арқылы 1 695 баланың құқы қорғалды.
Айта кетейік, бұдан бұрын шардаралық ата-аналар жазғы лагерь жұмысына шағымданған.