«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, қар алып қалған жолдарды тазарту жұмыстары жалғасуда.
«Аршалы ауданы аумағында «Нұр-Сұлтан-Қарағанды» бағыты бойынша автожолдың жабылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан 100-ге жуық автокөлік жолда тұрып қалды. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері көлік жүргізушілер және жолаушылармен төтенше жағдайларды болдырмау үшін елді мекенге оралу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», - деп атап өтті Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, қар алып қалған жолдарды тазарту жұмыстары жалғасуда. Алайда, екпінді жел мен бұрқасын жолшылардың жұмысына біраз қиындықтар туғызуда. Осы ретте, Қарағанды қаласынан елорда бағытына шыға берісте 235-ке жуық автокөлік құралы жолда қалған.