Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлады деген айыпталушы ақталып шықты

0
457

Қазылар алқасы айыпталушыны толық ақтап шығарды және ол сот залында босатылды.


Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлады деген айыпталушы ақталып шықты

ERNUR.KZ. Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 жастағы қызды зорлады деп айыпталушыны ақтады, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы ақпарат Facebook-тегі "НеМолчи" қорының парақшасында жарияланды. Бұған дейін 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың маусымына дейін Ақмола облысында 12 жастағы қыз 25-26 жастағы үш ер адам тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ақпарат шыққан болатын.

"Көкшетауда 25 мамырда үш күдіктінің екеуіне сот үкімі шықты. Сотталушы М.С-ға 20 жыл, К.Р-ға 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және әрқайсы екі миллион теңгеден моральдық залал төлеуі тиіс. Үшінші күдікті К.Б-ға қатысты алқабилер соты талап етілді. 8 маусымда оған алқабилер соты үкім шығарды. Қазылар алқасы үшінші айыпталушыны толық ақтап шығарды және ол сот залында босатылды. Қыздың анасының айтуынша, үкім шыққанда алқабилердің бәрі ұяттан жерге қарап отырған. Прокурор күдіктіге 20 жыл беруді сұрады", - делінген жазба сипаттамасында.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіге қатысты үкімді түсіндірді.

"Сотқа Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғыны Б.К. айыпталушы ретінде келді. Ол тергеу нұсқасы бойынша кәмілетке толмаған баланы зорлады деп айыпталған. Б.К-ға қатысты қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
Заң бойынша, егер істі алқабилер соты қараса, сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екені, сондай-ақ басқа да мәселелер жасырын дауыс беру арқылы шешіледі", - деді өңірлік соттың баспасөз қызметі өкілі.

10 алқаби мүшесі мен бір судья дауыс береді. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Егер алты және одан да көп дауыс беруші тағылған айыптармен келіспесе, ақтау үкімі шығарылады.

"Дауыс беру қорытындысы бойынша көпшілік ақтау үкіміне дауыс берді. Алқабилер үкімінің негізінде Б.К. ҚР ҚК-ның 120-бабы 4-бөлігі бойынша "Жас балаға қатысты жасалған зорлау" бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы болмағаны үшін ақталды", - деп толықтырды сотта.

Сот үкімі заңды күшіне енбегені және оған тараптар, прокурор шағымдана алатыны айтылды.

Айта кетейік, 2020 жылы 13 маусымда полицияға жәбірленуші қыздың анасы арыз жазып, іс соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексі 122-бабының, 2-бөлігі бойынша тіркелгені хабарланған болатын.

Кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық ісі 2019 жылдың желтоқсаны мен 2020 жылдың маусым аралығында Целиноград ауданы, Қараөткел аулында болған. Күдіктілер ұсталып, Целиноград ауданындағы полиция бөлімшесіне уақытша тергеу изоляторына қамалған болатын.