Ақмола облысында 28 жастағы азамат қаржы пирамидасын ұйымдастырған

0
589

Қазіргі таңда 28 жастағы тұрғынға қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


Ақмола облысында 28 жастағы азамат қаржы пирамидасын ұйымдастырған

ERNUR.KZ. Ақмола облысында Целиноград ауданының 28 жастағы тұрғыны қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталуда, деп жазады Stan.kz.

Қазіргі таңда 28 жастағы тұрғынға қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

“Күдіктінің WhatsApp мессенджерінде "Өзара көмек кассасы" чатын құрып, 2019 жылғы тамыздан бастап 2021 жылғы сәуірге дейін қаржы пирамидасын басқарып, Ақмола облысы мен еліміздің басқа да өңірлері тұрғындарының ақшасын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде”, – делінген ПД хабарламасында.

Қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккендер Ақмола облысының Полиция департаментіне немесе "102" нөміріне хабарласа алады.