Ақмола облысында баланы құтқармақшы болған ер адамның өзі суға батып кетті

0
1 095

​Оны оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар судан алып шықты.


Ақмола облысында баланы құтқармақшы болған ер адамның өзі суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында баланы құтқармақшы болған 1958 жылғы ер адам Щучье қаласының маңындағы көлге батып кетті. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ер адам баланы құтқарғанымен, өзі судан шыға алмай қалған. Оны оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар судан алып шықты.

«Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке массаж жасады. Өкінішке қарай, ер адамды құтқару мүмкін болмады», - делінген хабарламада.

Ақмола облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.