Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды

0
1 055

Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау басқарамасы түсініктеме берді.


Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды

ERNUR.KZ. Щучинск қаласында жедел жәрдем көлігіне оқ атылған, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы оқиғаға куәгер болған адамдар әлеуметтік желіге видео түсіріп, жүктеген.


"Шоссейная көшесінің бойымен кетіп бара жатқанбыз. Атылған оқтың дауысы естілді. Көліктің ішінде "Авицена-Бурабай" ауруханасына алып бара жатқан науқас болған", - делінген видеода.


Оқиғаға қатысты денсаулық сақтау басқарамасы түсініктеме берді.


"Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде кешкі 22.10 шамасында жедел жәрдем көлігінің терезесі сынғаны рас. Көліктен оқ атылуы мүмкін деген нұсқаны жоққа шығармаймыз. Зардап шеккендер жоқ", - дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы.


Қазіргі таңда құзырлы органдар терегеу жүргізіп жатқаны анықталды.