Жол-көлік оқиғасы Жылымды ауылы маңында болған.
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Зеренді ауданында жол апатынан 15 жастағы жасөспірім қыз көз жұмды, деп жазады inform.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Жылымды ауылы маңында болған.
«Анықталғандай, «Volkswagen» көлігі аударылып қалған. Соның салдарынан көлікте болған Ақан ауылының тұрғыны, 15 жасар қыз көз жұмды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Өзге ақпарат анықталып жатыр», - деп түсіндірді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желіде мектеп интернатының тоғызыншы сынып оқушысы, қыз бала «Фольксваген Поло» көлігін рұқсатсыз мініп кетіп, кейін аударылғаны туралы жарияланған еді.