Әкімдік мәліметінше, су басқан үйлердегі барлық тұрғындар эвакуацияланған.
ERNUR.KZ Ақмола облысының Бұланды ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп жазады Stan.kz.
Аудан әкімі Ардақ Смайылов су тасқынына байланысты мәлімдеме жасап, өңірде төтенше жағдай жарияланғанын, табиғи апаттан келтірілген шығынды жоюмен айналысатын комиссия құрылғанын атап өтті.
"Бүгінгі таңда зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету үшін барлық үйлерді комиссия тексеріп, келген шығын көлемін есептейтін болады", — деді Бұланды ауданының әкімі Ардақ Смайылов.
Әкімдік мәліметінше, су басқан үйлердегі барлық тұрғындар эвакуацияланған.