Ақмолада 8 мың өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған

0
1 251

Өрттен туындайтын жағымсыз әсерлердің алдын алу және жекеменшік тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында тұрғын үй секторында өрт-профилактикалық шараларын жүргізу үшін облыстық штаб құрылды


Ақмолада 8 мың өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған
ERNUR.KZ. Ақмолалық құтқарушылар жекеменшік тұрғын үй секторында 8 мыңға жуық өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілерін анықтады, деп жазады BAQ.KZМамандардың айтуынша, облыс аумағында өткізілген «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күні» акциясы аясында жылу пештерін, газ баллон құралдары мен электр желілерін дұрыс пайдаланбауға қатысты өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарының сақталмайтыны белгілі болып тұр.

«Өрттен туындайтын жағымсыз әсерлердің алдын алу және жекеменшік тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында тұрғын үй секторында өрт-профилактикалық шараларын жүргізу үшін облыстық штаб құрылды. Соңғы екі апта ішінде департамент қызметкерлері жастар, қоғамдық бірлестіктер, аудиторлық ұйым өкілдері және еріктілермен бірге 26 мың үйді аралап, 62 мың азаматқа нұсқау берді. 2246 адамды ұамтитын 147 жиын өткізілді. Нәтижесінде 8 мыңға жуық өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталды. Бұл негізінен жылу пештері, газ-баллон құралдары мен электр желілерін дұрыс пайдаланбау салдарынан туындап отыр. Өкінішке орай, 524 үй иесі қызметкерлерді үйлеріне енгізбеген. Ал 3862 үйде ешкім болмады. Рейд барысында 618 уақытша баспана мен 664 көп балалы отбасылар есепке алынды», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов.

Акция барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, мүгедектер, көп балалы отбасылар басты назарға алынды. Үй иелерінің келісімімен жылу желілері де тексерілді. Пештер мен басқа да жылыту құралдарын дұрыс пайдалануға қатысты түсініктеме беріліп, жадынамалар таратылды.

«Департамент бастамасымен жергілікті атқарушы органдар Красный Яр селосы, Бурабай, Егіндікөл аудандарында көпбалалы отбасылар тұратын үйлерді улы газдан қорғайтын қондырғылармен қамтамасыз етті. Осы мерзім ішінде облыс аумағында жекеменшік тұрғын үйлерге улы газдан қорғайтын 181 датчиктер орнатылды», - дейді Алексей Советов.