Ақмолалық дәрігерлер коронавирусты емдеуде қымыз қолдануда

0
752

​Мамандардың айтуынша, қымыздың адамның иммунитетін көтеруге, ағзаны қалпына келтіруге әсері зор.


Ақмолалық дәрігерлер коронавирусты емдеуде қымыз қолдануда

ERNUR.KZ. Ақмолалық дәрігерлер коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қымыз қолдануда, деп жазады baq.kz.

Көкшетаудағы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері жанынан ашылған инфекциялық орталықта сырқат адамдарға күн сайын осы шипалы сусын беріледі.

Қымыздан бөлек, ас мәзірінде қазы-қарта мен сорпа бар. Ұлттық тағамдар науқастарға таза ауада, жасыл желекті ортасында ұсынылады.

Мамандардың айтуынша, қымыздың адамның иммунитетін көтеруге, ағзаны қалпына келтіруге әсері зор. Сусынды тұрақты ішкен сырқат жандардың аурудан айығуы жылдам жүреді. Мәселен, соңғы аптада емдеу мекемесінен сауығып шыққандардың қатары көбейген. Осыдан 1 ай бұрын ауруханада 80-90 науқас болса, қазір 38 адам ем алып жатыр.

Коронавирус инфекциясын емдеу бөлімшесінің меңгерушісі Лилия Высоцкая қымыз емдеу шараларының тиімділігін арттыратынын айтады.


Қымыз терапиясын қолданып жатқанымызға 2 апта болды. Өз нәтижесін беруде деп айта аламын. Қымыз емдеу шараларының тиімділігін арттырады. Туберкулезбен ауырған науқастарды емдеуде қымызды қолданатынбыз. Коронавирус инфекциясымен күресуге де көмектесуде. Қазір емделіп шыққандар көбейді. Тиімділігін осыдан да байқауға болады, - дейді ол.