Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвстициялық және гуманитарлық салаларда екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылайды.
ERNUR.KZ. Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцария президенті Ули Маурермен кездесуі басталды, деп жазады sputniknews.kz.
Швейцария президенті Қазақстанға ресми сапармен Қасым-Жомарттың шақыруымен келіп отыр.
Ули Маурерді Ақордада құрметті қарауыл сап түзеп қарсы алды. Салтанатты рәсім барысында ұлттық ұлан оркестрі Қазақстан мен Швейцарияның әнұрандарын орындады.
Салтанатты рәсімнен кейін шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өтеді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвстициялық және гуманитарлық салаларда екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылайды.
Содан соң, екі ел президенттері бірлескен мәлімдеме жасайды деп күтілуде.
Сондай-ақ, Маурер Қазақстан үкіметінің басшылығымен де кездеседі. Екі елдің іскерлік топтары қатысатын дөңгелек үстелде сөз сөйлейді.
Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ули Маурер бұрыннан таныс. Бірақ Тоқаев президент ретінде Швейцария басшысымен алғаш рет кездескелі отыр.