Ақпанда барлық мамандандырылған ХҚКО-лар демалыссыз жұмыс істейді

0
859

Жексенбі күні тек ЕАЭО елдерінің уақытша тіркеуден өтуі тиіс көлік иелерінің құжаттары қабылданады.


Ақпанда барлық мамандандырылған ХҚКО-лар демалыссыз жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Ақпан айында Қазақстандағы барлық мамандандырылған ХҚКО апта бойына демалыссыз жеті күн жұмыс істейді. Бұл уақытша тіркеуден өтуі тиіс көлік иелері бір ай ішінде барлық қажетті рәсімдерден өтуге үлгеруі үшін жасалып отыр, деп жасады zakon.kz.

"Еліміздегі барлық мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс уақыты 1 ақпан 29 ақпанға дейін бұрынғыдай 9: 00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ оған жексенбі қосымша жұмыс күні ретінде қосылады, ал бұл күні тек ЕАЭО елдерінің уақытша тіркеуден өтуі тисі көлік иелерінің құжаттары қабылданады. Басқа қызметтер бұл күні (жеңілдік беру, қазақстандық автомобильдерді тіркеу және қайта тіркеу және т.б.) жұмыс істемейді", - деп хабарлады "Азаматтарға арналған Үкімет" МК баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті полициядағыларға Армения, Ресей, Қырғызстан және Беларуссиядан қазақстандықтардың әкелген автомобильдерін бір жылға уақытша тіркеуді бұйырды. ҚР Ішкі істер министрлігі ондай көліктерге 18-ші аймақтың сары нөмірін беру туралы шешім қабылдады.

Уақытша тіркеуден өту үшін көлік иесі алғашқы тіркеу жарнасын бірден төлеуі керек. Ал утилизация бойынша жарна мен кедендік рәсімдеудегі айырмашылықты (бар болса) жыл бойында төлеуге болады.