Ақпарат министрлігі қазақстандық БАҚ-қа ескерту жасады

0
1 216

​Жеті қазақстандық телеарна мен интернет басылымлар "БАҚ туралы" заңды бұзғаны үшін жазалануы мүмкін, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Ақпарат министрлігі қазақстандық БАҚ-қа ескерту жасады

Жеті қазақстандық телеарна мен интернет басылымлар "БАҚ туралы" заңды бұзғаны үшін жазалануы мүмкін, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған екі телеарнаның алматылық жасөспірім қыздың зорланғаны туралы жаңалықты эфирге шығаруы себеп болды. Жаңалықты бес интернет басылым әрі қарай таратқан.

Былтыр желтоқсанда енгізілген заңнамалық түзетулер "заңға қайшы әрекеттерден зардап шеккен бала туралы биометрикалық деректер, оның ата-анасы және заңды өкілдері туралы ақпарат және сол баланың кім екенін анықтауға мүмкіндік беретін басқа да мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерінде жариялауға" тыйым салады.

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Сүйіндіктің сөзіне сүйенсек, ондай мәлімет баланың қоғамдағы өміріне орны толмас зиянын тигізуі мүмкін.

"Қазір біз редакциялармен сөйлесіп, бұл мәселені шешіп жатырмыз. Бұл өте түйткілді мәселе, сол себепті қоғам мен БАҚ "зиянын тигізбеу" ұстанымын ұстанғаны жөн. Тіпті рұқсат берілген күннің өзінде баланың атын атамай, суретін де ретушьпен жариялауға кеңес береміз", — деп хабарлайды министрлік.

Егер жәбірленуші тарап жеке ақпарат беруге рұқсат етсе, басылым жауапкершілікке тартылмайды.