Ақсайда жұмысшылар наразылыққа шықты

0
504

Әлеуметтік желіде қызыл киім киген жұмысшылардың видеосы тарап жатыр.


Ақсайда жұмысшылар наразылыққа шықты

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында жүздеген жұмысшы наразылық акциясы шығып, жалақыны көтеруді талап етті, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде қызыл киім киген жұмысшылардың видеосы тарап жатыр. Барлығы: "Елу! Елу!", - деп айқайлап тұр. Видео Ақсай қаласына жақын жерде түсірілген.
Бүгін "KKC-Sicim" ЖШС жұмысшылары таңғы уақытта жиналып, жұмысқа шығудан бас тартты. Негізгі талабы – жалақыны 50 процентке көтеру.
"Уральская неделя" порталы таратқан мәліметке сәйкес, компания жұмысшылары вахтамен 28 күн жұмыс істеп, екі апта демалады. Ай сайын 250 мың алады.
"Бізге қазіргі жалақы ештеңеге жетпейді. Азық-түлік те, киім-кешек те қымбаттап жатыр. Ал жалақы сол күйінде қалды", - дейді жұмысшылар.
Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, наразылыққа, шамамен, 500 адам шыққан. Биыл ақпан айынан бастап жалақыны 20 процентке көтеру жоспары болған. Бірақ жұмысшылар оны 50 процентке арттыруды талап етіп отыр.
Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары, аудандағы прокурорлар мен еңбек инспекциясының басшысы аттанды. Бөрілі ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтың айтуынша, жұмысшыларға алдымен заңның талаптары түсіндірілді.
Оған сәйкес, бес күн бұрын жергілікті атқарушы органдарға митингті өткізу туралы ескерту берілуі қажет.
"Ал заңсыз митингтер, ереуілдер мен наразылықтарды ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Жағдай тұрақты".