​АҚШ өкілдерімен қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері талқыланды

0
612

Талқылау барысында қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері бойынша екі тарап үшін қызығушылық тудыратын мәселелер қозғалды.


​АҚШ өкілдерімен қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері талқыланды

АҚШ өкілдерімен қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін, 4 қазанында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту жөніндегі бірлескен жобасы шеңберінде Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакировтың АҚШ сарапшылары -Чикаго университетінің профессоры Стивен Уэйнмен, Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт атындағы Халықаралық қатынастар мектебінің сарапшысы Ноа Такермен кездесуі өтті.
Кездесу барысында профессор Уэйн АҚШ Мемлекеттік департаментінің грантын іске асыру шеңберінде оңалту саласындағы мамандармен семинарлар, вебинарлар мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ ұрыс қимылдары аймағынан оралған әйелдер мен балалармен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті.
Кездесуде Б.Бәкіров «Жусан» операциясы аясында оралған репатрианттарды оңалту және қайта әлеуметтендіру бойынша Дін істері комитетімен жүргізіп жатқан жұмыстары және осы саладағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қол жеткізген оң нәтижелері туралы баяндады.
Талқылау барысында қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері бойынша екі тарап үшін қызығушылық тудыратын мәселелер қозғалды.