Ақшабұлақ кен орнында цистерна жарылды

0
851

Бір адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.


Ақшабұлақ кен орнында цистерна жарылды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында «Ақшабұлақ«кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында «Ақшабұлақ» кен орнында цистерна жарылып, өрт шыққан.

Салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, бір адам медициналық мекемеге көрініп үйіне қайтарылды.

ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жай анықталуда.