ТЖМ құтқарушылары пәтерден құлаған әйелге көмекке келді.
ERNUR.KZ. Ақсу қаласында әйел үшінші қабаттан құлап, ағашқа ілініп қалды. ТЖМ құтқарушылары оны аман алып қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Павлодар облысының Ақсу қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылар күшімен үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйел ағаштан түсірілді», делінген ақпаратта.
Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.