ERNUR.KZ. Ақтау халықаралық әуежайы бірнеше рейстің кешігіп жатқаны туралы ақпаратты растады, деп жазады sputnik.kz.
Онлайн тақтаға қарағанда, Бакуге, Астанаға және Атырауға ұшатын, сондай-ақ Астанадан ұшып келетін рейс кейінге шегерілген.
Ақтау халықаралық әуежайы рейстің кешігуіне ауа райы жағдайы –тұман себеп болғанын хабарлады.
"Ұшып-қону бірте-бірте қалпына келтіріліп жатыр", - деп хабарлады әуежай.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының соңында ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер дәл осылай кешіккен болатын.