Ақтауда 14 жастағы қыздың ішегінен шаш пен ине табылды

0
909

Науқас балалар ауруханасына іші ауырып, ауыр халде түскен.


Ақтауда 14 жастағы қыздың ішегінен шаш пен ине табылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында дәрігерлер 14 жастағы мүгедек қыздың ішегінен шаш пен ине алып шықты, - деп жазады tengrinews.kz.

"15 қаңтарда кешке дәрігер Насуқан Отарғазиев Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында шұғыл түрде күрделі ота жасап, 14 жастағы мүгедек қыздың өмірін құтқарып қалды. Науқас балалар ауруханасына іші ауырып, ауыр халде түскен. Құрсақ қуысы ағзаларының рентгенін түсіргеннен кейін дәрігер денеден бөгде заттар тапқан", - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

Отарғазиевтің жедел отаға араласуының арқасында қыздың ішегінен шаш пен ине алынды.

"Операциядан кейін асқынулар болған жоқ. Дәрігердің айтуынша, бала қанағаттанарлық жағдайда", - деп қосты Сәрсенбаев.