​Ақтауда 50 жастағы әйелді тауып берген адамға 300 мың теңге сыйақы беріледі

0
1 194

Іздеуде жүрген кісіні көрген, білгендер болса 8 701 403 26 19 (Даулет), 8 708 296 63 72 (Арайбек), 8775 886 44 13 (Осербек) немесе 102 нөмеріне хабарласуын сұрайды.


​Ақтауда 50 жастағы әйелді тауып берген адамға 300 мың теңге сыйақы беріледі

ERNUR.KZ. Ақтауда 50 жастағы Шетпенің тумасы Гүлбибі Бимырзаева іздестірілуде, деп жазады Қазақпарат.

МО ІІД баспасөз қызметі мәлім еткендей, Гүлбибі 30 қараша күні 6-шағын ауданда жүрген жерінен жоғалып кеткен. Қазір барлық туыстары жаппай іздеу салуда. Гүлбибі жоғалған күні, үстінде қою жасыл түсті пальтосымен қара түсті бас орамалы болған. Оны куәгерлер соңғы рет теңіз жағалауынан, кейін кафелердің бірінен көрген.

Он төрт күннен бері іздеудеуде жүрген Шетпелік тұрғынның туыстары қандай да бір ақпаратқа мұқтаж. Қол ұшын беріп, Гүлбибі Бимырзаеваны тауып берген адамға, 300 мың теңге сыйақысы бар. Егер көрген, білген адам болса төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларын сұрайды: 8 701 403 26 19 (Даулет), 8 708 296 63 72 (Арайбек), 8775 886 44 13 (Осербек) немесе 102 нөмері.