Балаға жедел ота жасалды.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Сегіз жасар бала аулада ойнап жүріп бауырынан ауыр жарақат алды. Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.
Баланың анасы айтқандай, 24 маусымда кешкі сағат он шамасында ойын алаңында ойнап жүрген бала әткеншекке соғылған. Осыдан кейін баланың іші қатты ауыра бастайды.
Келесі күні таңертең ерте бала ауруханаға жеткізілді, оған бауырдың терең жарылуы диагнозы қойылды. Оның іш қуысында қан ұйыған.
Балаға жедел ота жасалды.
Дәрігер Насукан Отарғазиевтің айтуынша, ота сәтті өтті. Ол мұндай жарақаттар өте ауыр және асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін екенін баса айтты.
Қазіргі уақытта бала өзін жақсы сезініп, жазылуға дайындалып жатыр.