Ақтауда әскери бөлімнен 18 жастағы сарбаз жоғалды

0
605

Іздеу жарияланды.


Ақтауда әскери бөлімнен 18 жастағы сарбаз жоғалды

ERNUR.KZ. Ақтауда 18 жастағы сарбаз Нұрлыжан Пусерманов хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«№6656 әскери бөлімнің қатардағы мерзімді қызметінің әскери қызметшісі кеше, 21 шілдеде, сағат 18.00-ге дейін оралмады», - делінген ақпаратта.

Сарбаздың белгілері: орта денелі, қара, қысқа шашты. Камуфляж киген.

Сарбазды көргендер мына нөмірлерге хабарласуды сұраймыз: 8 778 930 3231, 8 700 911 72 92 немесе 102.